Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа-райы болжамын жариялады. Онда Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райын Оңтүстік циклон айқындап, жаңбыр жауып, найзағай және бұршақ күтілетіні айтылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Синоптиктердің болжауынша, 11-12 мамырда батыста, 12-13 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 13 мамырда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік өңірлерде - шаңды дауылдар.
Сондай-ақ, температуралық фонның төмендеуі күтілуде. Солтүстік және шығыс аймақтарда түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсіл күтіледі. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 5-15 жылыға дейін төмендеуі болжанады.