Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжап отыр. Оралда да көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады.
Оңтүстікте, Қарағанды облысының орталығында – тұман. Облыстың оңтүстік-шығысында – көктайғақ.
Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде, сонымен бірге Қызылордада тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, түнде және таңертең Ақтөбеде, сонымен қатар Ақмола облысында - тұман.
Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 2-3 наурызда облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарда көктайғақ, түнде және таңертең тұман түседі.
2-4 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аймақтарда жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Таразда 2-3 наурызда түнде және таңертең, сонымен бірге Атырауда – тұман. Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында – тұман, көктайғақ.
Бұған дейін синоптиктер 2-4 наурызда Алматыда жаңбыр жауатынын хабарлаған еді.