Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді
БАҚ біз туралы

“Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді

11.06.2022
1 мин
0
873

«Dauletten» қайырымдылық қоры тарапынан қасиетті Рамазан айында «БАЛА-ШАҒАМЕН СОЛТҮСТІККЕ» жобасы бастау алған болатын. Жоба барысында 5 отбасыны Солтүстік өңірге көшіру жоспарланған. Нәтижесінде, 7 маусым күні «Dauletten» қайырымдылық қоры 5 отбасыға қоныс той жасап, ауыл мешітінде ерулік берді.

Бұл туралы қоғам белсендісі Бурахан Дақанов та сүйіншілеп, Facebook парақшасына жариялады.

“Ал сүйінші ағайын.  Дәулеттен көшірген 5 отбасы түгел дерлік Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданына қоныстанды.  Теріскейге 36 адам қостық.  Кеше Дәулеттеннің өзі келіп,  қоныс тойларына қатысты.  Бәріміз ризамыз. 

Өз басым қатты қуанып отырмын.  Осыдан біраз уақыт бұрын,  Дәулеттен 5 отбасына үй алып беріп, ауылдарға көшірмек дегенді ести сала,  барымды салып,  ол отбасыларды Солтүстікке,  Шал ақын ауданына көшіруге тырыстым. Жатпай тұрмай жүгірдім десемде болады. Осы фейсбуктағы достарым оған өздеріңізде куәсіздер. Енді міне,  Тәңір қолдап мақсатым орындалды.  Нәтижесінде,  Шал ақынға 10 ересек,  17 мектеп жасындағы оқушылар және 9 балақай көшіп келді.  Төмендегі сурет толық емес,  дегенмен бір ауыл,  бір қауым боп тұрғаны көрініп тұр.  Бәрінің де көздерін де от,  жүрегі толған қуаныш.  Меніңде екі езуім екі құлағымда отыр.  Себебі,  қолымызда билік болмаса да,  бір емес,  екі емес,  36 Қазақтың Солтүстік Қазастанға қоныстанып,  үйлі болуына олардың өмірге деген жаңа құлшынысын оятуға сеп болдық”, - деді ол жазбасында.

Сондай-ақ, ол қанша қаржы жұмсалғанында айта кетті. 

“Дәулеттеннің бұл жобасы,  яғни 5 отбасыны Солтүстікке көшіргені,  5 отбасына үй алып,  отын суына дейін дайындап бергені тіпті бизнесс бастасын деп 1 миллионнан ақша бергенінің бәрі бәрі айналып келгенде 34 миллион теңгенің айналасында болатын қаржы жұмсалды.  Ал сол 30 миллион теңгені ат қып мініп жүрген Қазақтың байлары қаншама..  Міне осы жазбаны сол кісілер көрсе екен.. 

Негізі,  басқасы басқа,  мына өзім тұрып жатқан Шал ақын жерінде сатылымда тұрған үйлер жетерлік.  Құндары шамамен 2,5 миллионнан- 6 миллион теңгеге дейін үйлер бар.  Оның үстіне көршілес,  босап қалған ауылдарда құны 500 мың теңгеге жетпейтін үйлер бар.  Бір миллионды ремонтқа сал да,  емін еркін тұра бер. Қысқасы,  біз келдік ағайын,  сіз де келіңіз.  Бізге көрші болыңыз.  "TÁUEKEL".  Теріскей бізге аманат!!!! ”,- деп қуанышын білдірді.

“Адырна” тілшісі «Dauletten» қайырымдылық қоры арқылы Солтүстікке көшіп барған отбасылармен де тілдесті.

Мақұлбеков Мұрат Бақтыбайұлы «Dauletten» қайырымдылық қоры  ұйымдастырып отырған жобаға қатысып отбасымын  Солтүстікке бизнес бастауға, баспана алып, өмірін жақсартуға жолдама ұтып алды. Ол 19 жыл бойы информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.

“Бұлда бір бізге Алланың берген көмегі болар. Себебі, Алматы қаласында неше жыл пəтер жалдап тұрдық. Мынау жобаның бір жақсы бағыты бұл жерде барлық адамның тұратын жағдайына толық жан-жақты қарасып, көмектесіп отыр. Дəулет мырзаның бұны ойлап, ұйымдастырып отырғанына риза боламыз. Себебі, қарап тұрсаңыздар көші-қонның барлық шығындарын көтеріп алды. Басымызға баспана алып берді. Бизнес бастауға 1млн қайтарымсыз қаражат бермекші жəне 6 ай бойы 60 000 тг-ден жәрдемақы төлеп отырады. Мынау бау-бақша, дəнді-дақыл егеміз десеңіздер оғанда көмектесіп жатыр. Отын-көміріне дейін түсіріп беріп отыр. Одан бөлек бала-шағаға күзгі уақытта сабаққа барар алдында тағы да мектепке керек құрал-жабдықтарын алып берейін деп отыр. Қай мемлекетте бар, қарап көріңіздерші, қай мемлекетке көмек көрсетіліп жатыр? Халықтын қамын ойлаған бұл жоба кейін үлкен жобаға айналатын болса, осы Солтүстік өңірді қазақландыру саясаты қарқынды дамып кетпек. Осы Солтүстік өңірде бос тұрған үйлер көп екен. Мал бағып мал өсірем деген адамдарға жайылымы кең, топырағы құнарлы тек қана тек қысы қаталдау дегені болмаса, ал қалған адам өміріне деген табиғаттын да көмегі өте зор болып тұр. Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”, - деді Мұрат. 

Сонымен қатар, Шымкент қаласынан Солтүстікке көшіп келген Сатыбалдиева Әлия да өз ризашылығын білдіруде. 

“Біз Дәулеттен бастаған қайырымдылық жобасы арқылы 1311 өтінімнің ішінен таңдалған отбасымыз. 5 отбасы таңдалды,сонын бірі біз. Бізге Сергеевка қаласынан баспана берді. Бұл жердің табиғаты, ауасы керемет, адамдары кішіпейіл,қарапайымдылығы бізге ұнап жатыр. Біз бұрыннан тұратын адам секілді тез үйренісіп кеттік. Алғысым шексіз. Бізде мешітте ерулік берілді, ерулік ас берілді. Бізге осындай кішіпейілділікпен көмек қолын созып жатырған адамдарға қатты қуандық. Алдағы уақытта келетін отбасыларға біз міндетті түрде жол көрсетеміз. Біздің пәтер жалдап тұратын туыстарымыз, жан-жақтағы достарымыз, бізге байланысқа шығып жатыр. Қысынан қорқуда, алайда, ең бастысы ниеті түзу, өмірге құлшынысы бар, пысық болсаң барлық жерден ебін тауып, өмір сүріп кетуге болады. Əрекетке-берекет дейді ғой барлығын жасауға болады”,- дейді Әлия.

Әлия барлық мұқтаж жандарға әрекет етсеңіздер бәрі болады дейді. 

“Шаршадым, анау жоқ мынау жоқ ол жай сылтау. Оған сіздер еңбектеніп,тыңбай ұйықтамай солай жасасаңыздар,онын барлығы өзі сізге біреуден сұрамай-ақ алдыңызға келеді. Ең бастысы Алладан сұрау керек. Мен өзім 12 жыл квартирада тұрдым. 2 жыл болжы теледидарымыз жоқ. Міне, Аллаға шүкір, баспаналы болып жатырмын, құдай қаласа теледидарымда болады. Ең басты еңбектенуіміз керек,жалқау болмауымыз керек. Мен Шымкент қаласында тұрған кезде пирожки пісіріп, екі жердің полын жуатын едім. Бала-шағамды сабаққа шығарып салып, кешкісін күтіп алып, кешкісін тағы барып пол жуып келемін. Түнде заготовкамды дайынадап, таңертең қайтып келем, күнім солай өтеді. Əрі бала-шағамның алдында, əрі күнделікті  азық-түлігіміздің ақшасы түсіп солай өмір сүрдік. Енді Аллаға сансыз шүкір деп айтайын, осындай жоба арқылы ойда-жоқта Солтүстік мекенге келіп, осындай баспаналы болып жатырмын. Рахмет!”, - деп қуанышын білдірді.

“Адырна” ұлттық порталы 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7847 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл