Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Қарынсалды ауылында қайғылы жағдай болды. 3 бала мен олардың атасы көмірқышқыл газынан уланып, көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қайғылы оқиға 17 қараша күні сағат 13:00 шамасында орын алды. 8, 2 және 3 жастағы үш бала мен 67 жастағы аталары қайтыс болды. Балалардың әкесі мен анасы, сондай-ақ 2020 жылы туған тағы бір ұлы Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді.
Мәліметтерге сәйкес, отбасы аз қамтылған, әкесі жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. Оқиғаның себебі анықталуда.