Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде жыл соңына дейін қой еті қымбаттауы мүмкін. Өңірлерде шығып жатқан құс тұмауы ақ еттің күрт азаюына алып келсе, сиыр мен қой етіне сұраныс артады. Бұл туралы «Шопан ата» ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев айтты.
Өнімнің қымбаттауына қой шаруашылығы қызып тұрған оңтүстік облыстарда қуаңшылық салдарынан жем-шөптің аз болуы да себеп. Қазір әлемдегі қой етінің орташа құны бес доллар. Бірақ бұл баға 10 жылда тағы артуы ықтимал. Бүгінде індет салдарынан экспорт азайған. Бұған логистикалық қарым-қатынастың үзілуі себеп боп тұр. Отандық өнімдер Иран, БАӘ, ЕАЭО, Бахрейн, т.б. елдерде сұранысқа ие.
Дереккөз:24.kz