Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына құжат қабылдау басталды» тақырыбы талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Ерлан Қуанышұлы Әбіл 2022 жылы Академияға түсудің ережелерін, талаптарын, жаңашылдықтар мен Академияда білім алудың артықшылықтары туралы айтып берді.
Еске салайық, Академияға оқуға түсіге құжаттар 2022 жылдың 1 наурызында басталды, 23 шілдеге дейін жалғасады. Құжаттар онлайн форматта Академияның www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Академияда мемлекеттік қызметшілерді даярлау
10 магистратура бағдарламасы және 3 докторантура бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Мамандарды даярлауға бөлінген биылғы мемлекеттік тапсырыс көлемі 132 орынды құрайды, оның ішінде 120 орын – магистратура, 12 орын – докторантураға қарастырылған.
Академияда оқудың бірқатар артықшылықтары бар.
Талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар - мемлекеттік органның жолдамасы қажет, ол болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметші жолдаманы Академияға оқуға алдын ала қабылдау қорытындылары бойынша ұсына алады. Ағылшын тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі (IELTS немесе TOEFL немесе IELTS INDIСATOR, APTIS**, TOEIC, PIPPLET) магистратураға - IELTS кемінде 4,0 (В1), EMBA бағдарламасына – IELTS кемінде 5,5, докторантураға - IELTS кемінде 5,5 (В2), сонымен қатар, мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын сертификаттардың бірі, QazResmiTest немесе Қазтест (В1 деңгейінен төмен емес) қажет.
Магистратураға түсу үшін мемлекеттік қызметшілер үшін кемінде 2 жыл, докторантураға кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы негізгі талап болып табылады.
Академияда оқуға түсу үшін дайындық курстары қарастырылған, олар сәуір айының басынан маусым айының соңына дейін жүргізіледі.
Конкурстық іріктеу кезеңдерін өткізу кезінде Академия ашықтық, парасаттылық және клиентке бағдарлану қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.