Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облыстық прокуратурасы сот-тергеу тәжірибесіне жасанды интеллектті енгізу мақсатында "IT TERGEU" жобасын іске асыруда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Интернет алаяқтық қылмыстарын уақытында ашу және сапалы тергеу үшін биылғы жылдың 19 шілдесінде тәжірибелі прокурорлар мен полиция қызметкерлерінен құралған "Киберпол" тобы құрылған.
Жоба аясында жасанды интеллект көмегімен 496 қылмыстық іс бойынша 689 ұялы телефон нөмірі тексерілді.
Нәтижесінде 200 млн теңгеден астам шығын келтірген 134 қылмыстық іс ашылып, 62 қылмыскер ұсталды. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз жоғалған 51 адам тәулік ішінде табылған.
Жыл басынан бері 772 алаяқтық қылмыс тіркеліп, оның 375-і сотқа жіберілді. Тергеу барысында алаяқтық арқылы келген 439 млн теңге көлеміндегі залал өндірілді.
2024 жылдың тамыз-қыркүйек айларында "IT TERGEU" жобасы аясында Қызылорда қаласының тұрғындарын интернет арқылы алдап, 10 млн теңгеден астам қаражатты иемденген киберқылмыстық топ Орал қаласында ұсталды.
Қызылорда облысының прокуратурасы интернет ресурстарында келісім жасасқанда мұқият болуға шақырады.