| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылордада «СПК Қызылорда Балық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, кәсіпорын лауазымдылары кеден органдарына жалған мәліметтер ұсыну арқылы жалпы салмағы 75 тоннадан асатын көксерке етін Еуропа елдеріне заңсыз экспорттаған. Жалпы залал көлемі 254 миллион теңгеге бағаланды.
Балықтың заңды жолмен өндірілгенін дәлелдеу үшін компания өкілдері қолдан құжаттар жасаған. Олар іс жүзінде жұмыс істемейтін және суы тартылып қалған шаруашылықтардан өнім сатып алынғандай көрсеткен.
Тексеру барысында аталған шаруашылықтардың балық өсірумен айналыспайтыны және жүк көліктерінің тасымалдауға қатыспағаны анықталды.
Сот шешімімен серіктестік құрылтайшысы мен директоры екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
