Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облысында жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сегіз түрінің бағасы айтарлықтай арзандаған. Бұл туралы Сауда комитеті айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәселен жұмыртқа - 559 теңгеден 465 теңгеге дейін (16,8%), қарақұмық жармасы - 321 теңгеден 219 теңгеге дейін (39,5%), күнбағыс майы - 680 теңгеден 593 теңгеге дейін (12,8%) арзандаған.
Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін мынадай тауарлардың құны түскен: күріш - 418 теңгеден 392 теңгеге (6,2%), қырыққабат - 134 теңгеден 127 теңгеге (3,1%), пияз – 105 теңгеден 102 теңгеге дейін (2,9%), бірінші сұрыпты бидай ұны - 272 теңгеден 247 теңгеге дейін (2,2%).
Жыл басынан Қызылорда облысы бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеу бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссияның 42 отырысы өтті. Нәтижесінде 36 делдалдық схема анықталып, қажетті шаралар қабылданды.