Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көрші елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ресейде қазақ тілінде білім беретін мектептер ашу мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz
Елге іссапармен келген Лавровтың cөзінше, Қазақстанда орыс тілінде білім беретін мектептер ашу мәселесі де қарастырылған. Қазақстандық тарап Ресейде қазақ тілінде оқытатын мектептер ашуға мүдделі екенін білдірген. Бұл қадамдардың екі ел арасындағы одақтастықты нығайтуға септігін тигізетіні атап өтілді.
- Бүгін біз Қазақстанда орыс тілінде білім беретін үш мектепті ашу жайын да талқыладық. Қазақстандық достарымыз өз кезегінде тура сондай қазақ тілінде оқытатын бірлескен мектептерді Ресей Федерациясының бірнеше қаласында – Орынбор, Омбы мен Астраханьда ашуға мүдделі. Бұның барлығы позитивті үрдістер. Осындай сұрақтар көп болған сайын біздің одақтастығымызды күшейтетін шешімдер де көп болады, - деді Лавров Астанада өткен брифингте.
Сонымен қатар тарихи мәселелерді зерттеу үшін екі елдің тарихшылары кіретін бірлескен топ құру жөнінде келісім жасалды.