Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Жаңалықтар

Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды

22.09.2025
1 мин
0
193
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Ресей Федерациясынан бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген азамат Қазақстанға қайтарылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес күдікті 2020–2022 жылдары құрылыс компаниясының басшысы бола жүріп, сыбайластарымен жалған шарттар жасап, аффилирленген компаниялар арқылы қаражат аударған. Нәтижесінде "Самұрық-Энерго" АҚ-ның еншілес ұйымынан 8,5 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. Бұл қаржы Ақмола облысында жел электр станциясын салуға арналған еді.

Қылмыстан кейін күдікті жасырынған, оған халықаралық іздеу жарияланды. Биыл ақпанда Ресей аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторында қамауда отыр.

Осы іске қатысы бар өзге тұлғалар биыл мамыр айында түрлі мерзімге сотталған.

Заң бойынша мұндай қылмыс үшін мүлікті тәркілей отырып 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бас прокуратура қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіру және елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл