Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Роботтар жеңіске жетелейді
Жаңалықтар

Роботтар жеңіске жетелейді

04.02.2025
1 мин
0
291

"DIGITAL ALMATY-2025" VII Халықаралық сандық форумында Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің "PID" мен "Point"  робототехника  командалары  үздіктер қатарынан табылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар" тақырыбына арналған форум Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚРСыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және Astana Hub ұйымдастыруымен өтті.

Форумның аясында ұйымдастырылған  "Digital Ministry Cup" робототехниканың соңғы жетістіктер біріншілігінде зияткерлер инженерлік озық ойларымен конструкторлық шеберліктерін ортаға салып өнерлерін сәтті көрсетті. "PID"  команда   "Finalist alliance captain"  номинациясымен марапатталып   300 000 теңгелік сертификат табысталды.  

№208 қалалық мектеп-гимназиясының оқушыларымен  коллоборацияда құрылған  "POINT" командасы "Winning alliance partner"  номинациясын жеңіп алып 500 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Сондай-ақ команда Кипрде өтетін құрлықтық робототехника чемпионатына жолдама алды.

Жыл басында робототехниктердің құрама командасы әйгілі First Tech Challenge әлемдік чемпионатының іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, робототехника саласындағы беделді халықаралық байқаулардың бірі — Индияда өтетін First Tech Challenge байқауына квота алған болатын.

Бұл жетістік ұжымдық жұмыс, шығармашылық көзқарасжәне жас инженерлеріміздің жоғары техникалық дайындықтарының арқасында мүмкін болды.
Іріктеу турында команда тек роботтарды құрастыру мен бағдарламалаудағы шеберліктерімен қатар командалық жұмыстағы, ерекше тапсырмаларды орындауында және инновациялық шешімдер табудағы озық дағдыларын көрсете білді. Команда жаңа технологиялар негізінде роботтарды жасақтап жаңа жетістіктерге жетуді көздепотыр:

– Біз жақында өткен FIRST өңірлік чемпионаттарында елеулі жеңістерге қол жеткіздік, Алматы облысының Жыланды ауылында өткен өңірлік чемпионатында, Маңғыстауда өткен облыстық чемпионатта бас номинацияларды жеңіп алдық, бірінші Орталық Азия чемпионатына және Үндістандағы FIRST TECH CHALLENGE-ге қатысуға квоталар алдық. Бұл жетістіктерді "Digital Ministry Cup" Алматы сандық форумының марапаты толықтырғанына қуаныштымыз. Осы жеңістер бізді зерттеулер мен әзірлемелерді жалғастыруға шабыттандырады,- деп бөлісті команда капитаны, 11-сынып оқушысы Рамазан Онғаров.

   Әрине, оқушылардың жетістіктерінің артында жетекшілері информатика пәні мұғалімі Ясинжан Шақанмен NIS Engineering Lab жетекшісі Айбек Қалабайдың зор еңбегі тұр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл