Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алаяқтар "Халық заңгері" республикалық акциясының атауын түрлі тәсілдермен пайдаланып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Антикор қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.
Алаяқтар жалған бейнероликтерді интернетте таратып, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігін адастыруға ұмтылуда. Жасанды интеллект технологиясымен жасалған бұл материалдар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр. Алаяқтар адамдарды ақылы негізде адвокатпен байланысу үшін сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттеуде, - делінген Антикор таратқан хабарламада.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Халық заңгері" акциясы аясындағы барлық заң консультациялары тегін негізде берілетінін еске салады.
Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай қоңыраулар мен таратылымдарды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.