Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің подъезінде қызға шабуыл жасалған сәт бейнетаспаға жазылып, таралып кетті. Ұлытау облыстық полиция департаменті күдіктінің анықталып, ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Видеодан қыздың подъезге кірген сәтінде оның артынан ер адамның ілесе кіріп, шабуыл жасағаны көрінеді.
Ол қызды ұстап алып, баспалдаққа қарай сүйрей бастайды. Қыз айқайлап, қарсылық көрсеткеннен кейін ер адам қашып кетеді. Осы сәтте көршілердің бірі пәтерінен шығып, оның артынан қуа жөнеледі.
Полиция мәліметіне сәйкес, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, ал күдікті көп ұзамай ұсталған.
- Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді ведомство.