Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Sax Invest» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды
Жаңалықтар

«Sax Invest» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды

21.05.2025
1 мин
0
169
Сурет: www.rbc.ru

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Sax Invest" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздар, қаржы құралдары мен басқа да активтердің иесі, сондай-ақ Африкада алмаз өндіру бойынша жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде таныстырған.

Нәтижесінде ұйымдастырушылар мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде 9 млрд теңгеден астам қаражат тартқан. 

Тергеу барысында бұл қаражаттың көп бөлігі компания шотына емес, пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына аударылғаны анықталды.

Кейін бұл қаражат оның тарапынан жеке мақсаттарға: оның ішінде казиноға 2 млрд теңге, "Блайсико" атты бақылауындағы компанияның үлесін сатып алуға 28 млн теңге, Атырау қаласындағы екі пәтерге 70 млн теңге, жеке үй құрылысына 120 млн теңге, шетелде демалуға 377 млн теңге, қызының Лондонда оқуына 53 млн теңге жұмсалған.

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында 2023 жылдың басында Мендығалиев 143 салымшымен жалпы 1,2 млрд теңгеден астам залалды өтеуге қатысты медиативтік келісімдер жасаған.

Сондай-ақ ол 2023 жылдың соңына дейін 7 млрд теңге сомасында 1000-нан астам салымшыға қаражатты қайтарамын деген кепілдік міндеттемелерін берген. 

Алайда, бұл уәдесіне қарамастан, салымшыларға ақшаларын қайтармаған.

2024 жылдың қарашасында Мендығалиевке халықаралық іздеу жарияланды.

Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі жалпы құны 600 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Оның ішінде: 4 пәтер, 2 жеке үй, 2 автокөлік, 10 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтер, сондай-ақ "ForteBank" пен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның бағалы қағаздары бар.

Күдікті ретінде Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларындағы қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарған 10 адам танылды. 

Олардың 7-іне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл