| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтау әуежайында денесіне есірткі капсулаларын жасырған шетелдік азамат құрықталды. ҰҚК мәліметінше, арнайы операциялар барысында ірі көлемдегі есірткі тәркіленген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақтау халықаралық әуежайында шетелдік азаматтың денесі арқылы есірткі тасымалдамақ болған әрекеті әшкереленді.
Мәліметке сәйкес, күдікті өз денесіне 1 келіге жуық апиын салынған капсулаларды жасырып, шекарадан өткізбек болған. Ол әуежай аумағында ұсталды.
Сонымен қатар, Астана әуежайында Қазақстан азаматы 12 келі гашиш майын алып өтпек болған сәтте қолға түскен.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген арнайы операциялар барысында жалпы аса ірі көлемдегі есірткі заттары мен прекурсорлар тәркіленді.
Ведомствоның мәліметінше, іс бойынша 23 қазақстандық және 3 шетелдік азамат күдікке ілінген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.