Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шығыс Қазақстан облысында боранда қалған 12 ресейлік эвакуацияланды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының Шемонаиха ауданындағы учаскесінде ақтүтек боран салдарынан 12 адам жолда қалған.
«Хабар түсе салысымен оларға көмекке жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» автокөлігімен келіп жетті. 12 ресейлік, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта шетелдіктер Шемонаиха қаласындағы қонақ үйге орналастырылды. Онда жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
Осы сәтте өңірде 15 тасжол жабық күйінде қалып отыр. Құтқарушылар азаматтардан ауа-райы тұрақтанғанша алыс сапарға шықпау қажеттігін ескертеді.