Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымбұлақ таулы курорты «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннес рекордын орнатты, деп хабрлайды Dauletten.kz.
Рекорд ресми 26 наурызда тіркелді. Сертификаттарды табыстау және нәтижені ресми бекіту рәсімі теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан Талғар асуы станциясында Мәдениет және спорт министрі, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Guinness World Records, БАҚ өкілдерінің және курорт қонақтарының қатысуымен өтті.
Шара соңында салтанатты түрде лента қиылып, түнгі ең биік тау шаңғы трассасынан жаппай сырғанап түсу болды.
фото: Асхат Ораловтың Facebook парақшасынан алынды