Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде жан түршігерлік хабарламалар таратып жатыр. Бұл жолы WhatsApp мессенджерінде Шымкентте із-түзсіз жоғалған балалар туралы ақпарат тарады.
Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, дауыстық хабарлама авторы қазірдің өзінде қалада мектеп оқушылары жоғалуының бірнеше оқиғасы тіркелгенін айтады. Ал оқушы қыздардың бірі Қытай шекарасынан табылып, оны Telegram чаттары арқылы алдап кеткен деген болжам бар.
Бұл ақпаратқа қатысты қалалық полицияның баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"WhatsApp желісінде бәзбіреулер Шымкентте балалар жоғалып жатқаны туралы аудиожазбаны таратып жатыр. Бұл факті бойынша полиция департаменті бүгінге дейін қалада мұндай балалардың жоғалу фактілері тіркелмегенін ресми түрде хабарлайды. Таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды." — Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметі.
Сонымен қатар департамент тұрғындарды әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.