470.28
537.53
5.99
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
25 тамыздан бастап жүргізуші куәлігінен айырылудың жаңа себептері пайда болады
Жаңалықтар

25 тамыздан бастап жүргізуші куәлігінен айырылудың жаңа себептері пайда болады

21.07.2026
мин
0
615

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігін қайтарып алу тәртібі өзгереді. Енді кейбір азаматтар сот үкімінсіз-ақ көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Жаңа талаптар 65 жастан асқан жүргізушілерге, мүгедектігі бар азаматтарға және мас күйінде көлік жүргізу ісі ерекше негіздермен тоқтатылған адамдарға қатысты болады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

25 тамыздан бастап күшіне енетін өзгерістер жүргізушілер үшін бұрынғыдан да қатаң бақылау кезеңін бастайды. Егер бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылу көбіне жол ережесін өрескел бұзумен байланысты болса, енді цифрлық жүйедегі ақпараттың болмауының өзі құқықтан айыруға негіз болуы мүмкін.

Жаңа талапқа сәйкес, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар азаматтардың көлік басқаруға медициналық жарамдылығы цифрлық жүйеде расталып тұруы тиіс. Егер жүйеде мұндай мәлімет болмаса немесе қарсы көрсетілімдер туралы ақпарат тіркелсе, уәкілетті орган жүргізуші куәлігінің күшін тоқтата алады.

Бұл өзгеріс жүргізушілердің жасына емес, денсаулық жағдайының өзектілігіне басымдық беруді көздейді. Алайда сарапшылар цифрлық базадағы техникалық қателіктер немесе ақпараттың уақытында енгізілмеуі азаматтарды қиын жағдайға қалдыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Тағы бір маңызды өзгеріс мас күйінде көлік жүргізу фактісіне қатысты. Егер бұрын қылмыстық іс рақымшылық, ескіру мерзімі немесе заңда көрсетілген өзге де негіздермен тоқтатылса, кей жағдайда жүргізуші куәлігін сақтау мүмкіндігі болған. Енді мұндай мүмкіндік болмайды.

25 тамыздан бастап іс айыптау үкімі шықпай тоқтатылған күннің өзінде жүргізушінің көлік басқару құқығы тоқтатылып, бұл туралы мәлімет мемлекеттік цифрлық жүйеге енгізіледі. Шешімді уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды.

Медициналық ақпараттың жоқтығынан жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтар денсаулығына қарсы көрсетілім жоқ екені туралы қорытынды цифрлық жүйеге енгізілгеннен кейін ғана құқықтарын қайта қалпына келтіре алады.

Ал мас күйінде көлік жүргізуге байланысты жүргізу құқығынан айырылғандар үшін талап бұрынғыдан өзгермейді: олар сегіз жыл өткен соң ғана құқықтарын қайтаруға өтініш бере алады. Ол үшін медициналық тексеруден өтіп, жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтиханды қайта тапсыру қажет.

Жаңа тәртіп мемлекет жүргізушілерді бақылауды қағаз құжаттар арқылы емес, толықтай цифрлық деректер негізінде жүргізуге көшіп жатқанын көрсетеді. Бұл қауіпсіздікті күшейтуге бағытталғанымен, ендігі жерде жүргізушілер үшін ең маңыздысы – тек денсаулық емес, мемлекеттік жүйедегі мәліметтердің де уақтылы жаңартылып тұруы болмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл