470.28
537.53
5.99
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада жаңа нысандар бой көтереді: ондаған жер телімі иеліктен шығарылады
Жаңалықтар

Астанада жаңа нысандар бой көтереді: ондаған жер телімі иеліктен шығарылады

20.07.2026
мин
0
254
Сурет: АШМ

Астана қаласының әкімдігі бірқатар аумақтағы жер учаскелерін мемлекеттік қажеттілікке байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаулыға сәйкес, Есіл ауданында Д. Қонаев пен Сарайшық көшелерінің аралығында орналасқан 26 жер учаскесі сатып алу арқылы мемлекет меншігіне қайтарылады. Жалпы аумағы 7,6 гектардан асатын бұл аумақ қонақүй құрылысы жобасына байланысты белгіленген.

Иеліктен шығару рәсімі 2026 жылғы 3 тамыздан 2027 жылғы 3 тамызға дейінгі кезеңде жүргізіледі. Жер иелері мен пайдаланушыларға әкімдікке өтініш беру арқылы өтемақы және келісу рәсімдеріне қатысты келіссөздерді бастау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл үшін хабарлама алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тиісті өтініш тапсыру қажет.

Сонымен қатар, қала әкімдігі Заречный тұрғын алабындағы Үшқопыр және Қаратөбе көшелерінің маңындағы 10 жер учаскесін де мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алу туралы шешім шығарды. Аумағы 2,3 гектардан асатын бұл жерлерде болашақ мектеп құрылысына қажетті инженерлік іздестіру және жобалау жұмыстары жүргізіледі.

Әкімдік қабылдаған бұл шешімдер елордадағы инфрақұрылымдық және құрылыс жобаларын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл