| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Психиатриялық ауруханадағы ұстау жағдайларына қатысты шағымдардан кейін Денсаулық сақтау министрлігі тексеруді бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Интенсивті бақылауы бар республикалық психиатриялық ауруханаға кешенді тексеру жүргізуді бастады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Мамандар медициналық құжаттарды, пациенттердің жату жағдайларын және олардың құқықтарының сақталуын тексереді. Тексеруге прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері де қатысады. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл — елдегі осындай бағыттағы жалғыз мекеме. Мұнда жеке тұлғаларға қарсы ауыр қылмыс жасаған, психикалық бұзылыстары ауыр пациенттер емделеді. Аурухана пациенттердің, қызметкерлердің және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше емдеу-қорғау режимінде жұмыс істейді.