Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Шымкент тұрғыны бес 120 тонналық вагонды сүйреп, рекордтар кітабына енді
Жаңалықтар

Шымкент тұрғыны бес 120 тонналық вагонды сүйреп, рекордтар кітабына енді

06.05.2025
1 мин
0
68
Сурет: “КТК” арнасы

Шымкентте вагон сүйреу бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатылды. 52 жастағы спортшы Артық Досалиев 120 тонна тартатын бес вагонды шамамен 22 метрге сүйреп, Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Dauletten.kz “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Спортшы бұл жетістігін Жеңістің 80 жылдығына арнап отыр. Ауқымды күш қолдануды талап ететін бұл әрекетке ол бір жыл бойы дайындалған. Негізгі мақсат – вагондарды 20 метрге дейін жылжыту болса, Артық Досалиев оларды 2 минут 57 секундта 21 метр 40 сантиметрге дейін сүйреді.

Шара соңында Гиннестің рекордтар кітабы ұйымының ресми өкілдері оған арнайы сертификат табыстады. 50 жастан асса да бабында жүрген спортшы мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді.

Пауэрлифтингтен бес дүркін әлем және сегіз дүркін Азия чемпионы бұған дейін де вагон сүйреуден үш рет рекорд орнатқан.

- Келесі жылы Жеңіс күні қарсаңында 6, 7, тіпті 10 мен 20 вагонды сүйреуге бел буып отырмын. Бұдан бөлек, жүк ұшағы – “Боингті” және Ақтауда танкер сүйреуді жоспарлап жүрмін, Құдай қаласа. Мақсатым – жастарға үлгі болу, оларға мотивация беру. Жас шектеуі деген болмайды, 60-70 жасқа дейін де спортпен айналысуға болады. Тек әрекет керек, – дейді рекорд иесі Артық Досалиев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл