Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте 5-сынып оқушысы үйінде өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы жергілікті телеарналар ақпарат таратты. Бала қаладағы №9 IT лицейінде білім алған. Алайда мектеп әкімшілігінің мәліметінше, қайғылы оқиға оқу орнында емес, оқушының өз үйінде орын алған.
Оқиғаға қатысты полиция ресми мәлімдеме жасады.
- Кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, – деп хабарлады Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.