Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз" — алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты

24.10.2025
мин
0
292

 

"Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз" — алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға шақырады. Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырады. Олар "Сіз салық декларациясын уақытында тапсырмағансыз" деп сендіреді. Осылайша, банк шоттарыңыз бұғатталуы мүмкін екенін айтып қорқытады. Мәселені үш күн ішінде "шешу қажет" деген сылтаумен қысым көрсетеді. "Жеке басыңызды растау керек" деп азаматтардан SMS арқылы келген кодты сұрайды. Осы кодты алған соң, алаяқтар банктік шоттарға қол жеткізіп, қаражатты заңсыз иемденеді.

Полиция ескертеді:

Мемлекеттік орган қызметкерлері мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды және ешқашан SMS-кодтар мен растау деректерін сұрамайды; 

Ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодтарды, банк картасының нөмірі мен паролін, жеке мәліметтерді бермеңіз;

Егер күдік тудыратын қоңырау алсаңыз, әңгімені дереу тоқтатып, "102" нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл