Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Солтүстікке көшетіндерге атаулы әлеуметтік көмек көлемі өседі
Жаңалықтар

Солтүстікке көшетіндерге атаулы әлеуметтік көмек көлемі өседі

26.05.2022
1 мин
5
1619

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов солтүстік өңірлерге көшуді қалайтын азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтып берді.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, елімізде "Dauletten" қайырымдылық қорының жұмысы аясында «Бала-шағамен солтүстікке» жобасы жүзеге асырылуда. Вице-премьердің мәліметінше, жоба аясында 1300 адам оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге өтініш білдірген. Негізінен Түркістан облысының, сондай-ақ Маңғыстау облысының тұрғындары жүгінуде. 

«Бұл бағытта көшуге жағдай жасау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Қызықты тетіктердің бірі – Жамбыл облысының тәжірибесі бойынша кооперативтер құру мүмкіндігі болады. Кооперативке кіретін барлық адамдардың белгілі бір жеңілдіктері, соның ішінде мемлекеттің субсидиялауы, белгілі бір технологияларды сатып алу, белгілі бір жеңілдікті-кредиттік ресурстарды алуы болады», - деді Ералы Тоғжанов Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге Е. Тоғжановтың айтуынша, қоныс аударушыларды қолдау бойынша тағы бір әлеуметтік шара – солтүстікке көшуге ниет білдіргендер үшін АӘК мөлшерін ұлғайту қарастырылып жатыр.

«Мұны Парламентке енгіземіз деп ойлаймын. олтүстікке көшуге ниет білдіргендер үшін атаулы әлеуметтік көмек мөлшері ұлғаюы мүмкін. Бұл ұсыныс талқыланып жатыр, оны Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне енгіздік. Білім министрлігінің «Серпін» бағдарламасы, «Бала - шағамен солтүстікке» жобасы бар. Әлеуметтік кодекс аясында да жобалар талқыланады», - деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, қоныс аударушыларға әлеуметтік қолдау көрсету шешімді жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
Е
Ерке 27.05.2022
Шымкент қаласына да өсіру керек не только солтүстік,оңтүстік ке де өсірсін
Жауап беру
О
Орынгуль 27.05.2022
Биринши уи берилсин сосын жумыс аякка турганша каражат
Жауап беру
А
Айи 26.05.2022
Сонда қанша болады екен төленетін жәрдем ақысы??? Оларға арнайы баспана салыну керек. Орыстың брошенный домиктерге кіргізе салмай. Осы мәселеге қатты көңіл аудару керек бірінші кезекте.
Жауап беру
26.05.2022
Өте орынды аитылған
Жауап беру
Т
Талғат 26.05.2022
Бірінші кезекте баспана сосын жұмыс
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл