Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Солтүстікке қоныс аударып, кәсібін дөңгелеткен
Жаңалықтар

Солтүстікке қоныс аударып, кәсібін дөңгелеткен

09.08.2023
2 мин
1
540
Фото: gov.kz

Биыл 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға 274 грант беру жоспарланған, деп хабарлайды Dauletten.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде өңірде 178 адам мемлекеттен қолдау алды. Ұлттық жобаға қатысушылардың бірі – Ақжар ауданының тұрғыны Дариха Құрбанова. Ол 1 380 000 теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, Восход ауылында өз наубайханасын ашты.

Мен отбасыммен Солтүстік Қазақстан облысына өткен жылдың қыркүйек айының соңында, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша көшіп келдім. Облыс әкімдігі маған мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын ұсынды, көшуге субсидия төледі, тұрғын үймен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, бизнесті дамыту үшін қайтарымсыз грант туралы да егжей-тегжейлі түсіндірді. Грант – өз кәсібін бастамайтындар үшін керемет қолдау, - дейді Дариха Құрбанова.

Ол сондай-ақ, қасына көмекші алғанын және болашақта өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы бизнес-идеяларды іске асыру үшін барлығы 9 000 грант беру жоспарланып отыр. Бұл ретте, осы жылдың басынан бастап 5 317 грант берілді.

Business.enbek.kz порталы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтініштерді қабылдаудың үшінші легі қыркүйек айына жоспарланып отыр. Тиісті хабарландыру өтініштерді қабылдау басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады. Портал арқылы өтініш қабылдау мерзімі – әр лекте 10 жұмыс күні.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айганым 09.08.2023
Менде алматыдан кошип келдим онтустикке мен катысааламба мамандыкНан макарон кондитер
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл