Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты азамат А.-ның Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 және оған өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулыны заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюы бойынша істі қарады, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.
Шағымдалған №20 қаулының 3 және 3-1 тармақтарында:
- Талап қоюда уақыт белдеуінің астрономиялық уақытқа сәйкес келмейтіндігі, жаңа НҚА қабылдауға әкеп соғатындай мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауға жауапкердің өкілеттігінің жоқтығы көрсетілген. Сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар 2000 жылғы 23 қарашадағы қаулы қабылданғаннан бері 24 жылдан астам уақыт өткен, талап қоюшы талап қоюдың жалпы үш жылдық ескіру мерзімін өткізіп алған.
- Нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан астамын өзгерту туралы дәлел расталмады, бұл мән-жай Үкіметтің қаулысын заңсыз деп тануға негіз бола алмайды, себебі жауапкердің НҚА шығару рәсімі бұзылмаған, - деп қорытындылады сот. Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Тағы көру