Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Студенттердің оқуының басталуына орай: Алматыда жалдамалы пәтер бағасы 30%-ке қымбаттап кеткен
Жаңалықтар

Студенттердің оқуының басталуына орай: Алматыда жалдамалы пәтер бағасы 30%-ке қымбаттап кеткен

25.08.2021
1 мин
0
1344

Жатақханалардағы орын санының қысқаруы екінші мәселенің шетін шығарды. Енді студент үйіне кіргізілмейтін тәлімгерлер пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Осыдан кейін, жалға беру құны бірден көтерілген. Мәселен, Алматының орталығындағы бір бөлмелі пәтерді жалдау 100 мың теңгеден басталады. Ал оқудың офлайн болатынын естіген басқа қалалардың студенттері, Алматыға келіп, тұратын пәтер таппай қиналып жүр. Жалға беру бағасының өсуі жыл сайынғы дәстүрге айналған ба? Үй иелері бағаны неге сүйеніп өсіреді? Бұл туралы  “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлады.

Алматыдағы жалға берілетін пәтер құнының қымбаттағаны студенттерге ауыр тиіп жатыр. Байбөрі Құдайберген – Жамбыл облысының тұрғыны. Биыл 4-ші курсқа көшкен. Алғашқы екі жыл университеттің жатақханасында тұрса, былтыр оқу онлайн болып, сабақты үйде отырып оқыған. Енді дәстүрлі форматқа ауысқан соң пәтер жалдап тұрмақ. Алайда пәтер таппай сабылып жүргеніне бір апта болыпты. Үй иелерінің сұрайтын бағасы оның сапасына сай емес деп қынжылады.   

“Менің университетім Бостандық ауданында. Бірақ амал жоқ, Әуезов, Наурызбай ауданынаy қарайық десек ол тым алыс. Ал мына Әуезов ауданында 1 бөлемелі g2nth 100 мың теңгеден басталады. Қай ауданнан болсын тауып, тұруға тырысып жатырмыз енді”, – дейді студент.   

Алматыда мына төрт ауданда пәтер жалдау аса қымбат. Баға үйдің орналасқан жеріне, салынған жылына және баспананың жағдайына қарай қойылған. Мәселен, 1 бөлмелі пәтерді жалға алу құны 100 мыңнан басталып, 600 мың теңгеге дейін барады. Сарапшы үй иелері жалға беру құнын жыл сайын тамыз бен қыркүйек айында көтеріп отыратынын айтады. Оның үстіне, студенттердің көптігі де бағаға әсер етеді екен. Бір шаршы метр құны 30%-ға дейін өскен.

“Бүкіл нәрсенің бағасы өсіп жатыр. Сол үшін де пәтерлердің бағасы өсіп жатыр. Өйткені нарықта сұраныс көп. Соған қарап та оның бағасы көтеріліп жатыр”, – дейді Алматы қаласы жылжымайтын мүлік агенттігінің маманы Алтайбек Жаналинов. 

Қыркүйек айындағы қарбаласты пайдаланып, студенттерді сан соқтырып кететіндер де бар көрінеді. Мұндайлардың арбауына Ақтөбелік студент те түскен екен.  

“Құрбым екеуміз аламыз дедік, келістік. Бірақ алданып қалдық. Сол үшін мен 1-ш, 2-ші курс студенттеріне Алматыға жаңадан келгенде, бейтаныс компанияларға, риэлторларға жүгінбеуді сұраймын”, – дейді студент Жанар Махамбет.  

Жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшы, пәтерді жалға беру бағасы Алматыда көтерілмесе, түспейтінін айтады. Өйткені қалада 40-қа жуық жоғарғы оқу орны орналасқан. Жыл сайын мыңдаған студент алып мегаполиске келіп, жалдамалы пәтер іздейді. Ал үй иелерінің осындай кезде баға көтеруі қалыпты жағдайға айналып бара жатқанға ұқсайды.  

 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл