Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтауда 23-шағынаудандағы "РусКаз" базарында өрт шықты.
Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, кеше сағат 23:00 шамасында базарда алты бутик өртенген. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз.
«11 қарашада Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне 23-шағынауданда алты бутик өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру үшін 5 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылған», – деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.