Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада «Астана Раушан кассасы айналымы» деп аталатын қаржылық пирамида әшкереленді.
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің мәлімдеуінше, пирамида өз жұмысын биыл қаңтар айында бастаған. Нәтижесінде еліміздің мыңнан астам азаматы қаржы пирамидасының құрығына ілінген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша (ірі көлемдегі ақшаны пайдаланатын пирамида схемасын құру және басқару) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жоғарыда аталған пирамиданың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендерден Нұр-Сұлтан қалалық экономикалық тергеу департаментіне (Желтоқсан көшесі, 43, байланыс нөмірі 31-61-45, ұялы тел. 8-701-218-5318, 8-701-888-9316) хабарласу сұралады.