Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған екінші Жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты.
"Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен өзімнің екінші Жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент экономикасы шикізаттық сипатқа ие Қазақстан үшін дағдарыс өте қауіпті екенін жеткізді. Ол елге дамудың жаңа бағдары қажет деп санайды.
"Күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға ақша мен күш жұмсауға қақымыз жоқ. Ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында құрылымды реформалар жүргізетін кез келді", - деді мемлекет басшысы.
Айта кетсек, 10 шілдеде президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындалатын міндеттер қаралды.
Тағы көру