Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша азамат өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті Telegram-дағы арнасында хабарлады. Полиция ақпаратынша, Талғар аумағында 30 жастағы ер адамның денесі табылған.
- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеудің осы кезеңінде қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ. Марқұм Ш.Болаттың отбасы барлық уақытта полиция қорғауында болғанын атап өтеміз. Осы уақыт ішінде марқұмның отбасына қауіп төндіру фактілері тіркелмеген. Күзет қызметкерлерінің түсініктемелерінен азаматтың күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кеткені анықталды, - деп жазды Алматы облысы ПД.
Бұл ретте полиция өкілдері қосымша ақпараттар берілетінін айтып, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды. Жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.