| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талғарда болған жанжал қайғылы жағдайға ұласып, 24 жастағы ер адам қаза тапты. Оқиға бойынша үш күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Талғарда жол үстінде басталған жанжал адам өлімімен аяқталды. 24 жастағы ер адам әкесі жерленген зиратқа ағасымен бірге бара жатқан кезде белгісіз адамдармен келіспеушілікке тап болған.
Мәліметтерге сәйкес, олардың жолын көлікте отырған үш ер адам бөгеген. Жәбірленуші жол беруін сұраған сәтте сөз таласы туындап, жағдай ушыққан.
Оқиға барысында ер адам көліктен шыққан кезде оған пышақпен шабуыл жасалған. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Марқұмның артында екі жас сәбиі қалғаны айтылды.
Қазіргі таңда полиция үш күдіктіні ұстады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.