Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Таразда мүгедектігі бар қарияның пәтерін өз атына аударып, сатып жіберген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Күдікті ақыл-есінде ауытқуы бар қарияның екі бөлмелі пәтерін 9 миллион теңгеге сатып жіберген. Қарияның туыстары прокуратураға шағымданғаннан кейін полицейлер күдіктіні ұстап, баспананы иесіне қайтарды. Сондай-ақ 25 жастағы жігіттің тағы бір адамды алдап, "үй алып беремін" деген уәдемен 2 миллион теңгесін алғаны белгілі болды. Ал қарияға құжаттарға қол қойдырып, рәсімдеген нотариуске қатысты іс қозғалды.
Үміт Мырзаева, қалалық прокуратураның аға прокуроры:
- ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Тараз қалалық сотының шешімімен күдікті екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторында қамалды. Егер кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.