Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Полицейлер ШҚО тұрғынына ҚР азаматының жеке куәлігін рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектесті, деп хабарлайды dauletten.kz.
Тарбағай ауданының 56 жастағы тұрғыны 30 жылдан астам уақыт бойы өзінің жеке басын растайтын құжатсыз жүрген. Оның туу туралы куәлігі болған, бірақ ата-анасынан ерте айырылған соң құжаттарын уақытылы реттейтін ешкім болмағаны белгілі болды. Ал кәмелеттік жасқа толғаннан кейін құжаттарды рәсімдеуге уақыты болмаған.
Тәртіп сақшыларының көмегімен ер адамға туу туралы куәлікті алуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар оның КСРО ыдырағаннан кейін ешбір елдің азаматтығын алмағаны анықталды. Барлық қажетті құжатты жинағаннан кейін көші-қон қызметінің қызметкерлері ауыл тұрғынына Қазақстан Республикасы азаматының алғашқы жеке куәлігін табыс етті.
Енді Тарбағай ауданының тұрғыны әлеуметтік және медициналық қызметтерді еш қиындықсыз ала алады және зейнетақы қорына тіркеле алады.
Жалпы, жыл басынан бері ШҚО полицейлері осындай жағдайға тап болған 28 азаматқа көмек көрсеткен.