Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желіде Қазақстан Тәжікстан Республикасына көмек ретінде өкпені жасанды желдететін 100 аппарат жібереді деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат оқырмандар арасында дауға айналды. Алайда Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова тәжік еліне кететін аппарат тек жедел жәрдем қызметіне арналған дейді.
«Қазіргі қиын жағдайда әлем елдері бір-біріне көмек қолын созуда. Біздің мемлекет те басқа елдерден гуманитарлық көмек алып жатыр. Қазақстан Тәжікстанға жыл соңында өкпені жасанды желдететін портативті аппарат түрінде гуманитарлық көмек жіберуді жоспарлап отыр. Портативті аппарат дегеніміз – адамды ауруханаға жеткізгенше, жедел-жәрдем көлігінде ғана пайдалануға болатын жасанды тыныс алу аппараты. Ал мұндай аппараттар елімізде толып жатыр», - деді Бюрабекова.
Вице-министр түсіндіріп өткендей, өкпені жасанды желдететін аппараттарды Ақмола облысындағы зауыт шығарады. Аталмыш зауыт енді станционарларға арналған өкпе аппараттарын да шығаруға көшкен. Сондай-ақ зауыт жыл соңына дейін еліміздің барлық емханаларын өкпені жасанды желдететін құрылғымен қамтамасыз етеді.