Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тегін жұмыс істейді: Қазақстанда робот сот орындаушысы іске қосылды
Жаңалықтар

Тегін жұмыс істейді: Қазақстанда робот сот орындаушысы іске қосылды

18.01.2024
мин
0
529

ҚР Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында жеңілдетілген атқарушылық істі жүргізуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
 

Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін атқарады.

Жаңа жобаның арқасында ел азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады.

Жүйе алгоритмі келесідей тәртіппен жұмыс істейді:

1. ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл сомасын өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді.

2. Робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажеттілігі туралы SMS хабарлама жібереді.

3. Айыппұл бойынша ерікті төлем болмаған жағдайда, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға атқару парағын ұсынады.

4. Төлем уақтылы жүргізілсе, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады.

Жоба сәтті жүзеге асатын болса, оны бүкіл Қазақстан аумағына енгізу жоспарланып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл