Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Техастағы су тасқыны: 120 адам қаза тауып, 160 адам із-түссіз жоғалды
Жаңалықтар

Техастағы су тасқыны: 120 адам қаза тауып, 160 адам із-түссіз жоғалды

11.07.2025
1 мин
0
226
Сурет: CNN

АҚШ-тың Техас штатында орын алған жойқын су тасқыны салдарынан 160 адам із-түссіз жоғалып, іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 120 адамға жеткен. Оның ішінде Керр округінде 96 адам — 60 ересек пен 36 бала көз жұмған. Сонымен қатар, Mystic жазғы лагерінен бес бала мен бір тәрбиеші жоғалып кеткені хабарланды.

NASA құтқару операцияларына қолдау ретінде екі ұшақ жіберді. Агенттік өкілдерінің айтуынша, бұлтты ауа райы спутниктік бақылауға кедергі келтіріп отыр, алайда өзге ұшқыштар апат болған аймақтар туралы мәлімет жинауға көмектесуде.

Жергілікті тұрғындар төтенше жағдай жайлы алдын ала ескерту болмағанына наразы. Олар қауіп-қатер туралы дабыл беру жүйесін орнатуды талап етіп, онлайн петиция ұйымдастыруда.

Айта кетейік, су тасқыны 4 шілде күні таңғы уақытта Гвадалупе өзенінің арнасынан асып, Керр округі мен оған жақын аймақтарды шайып кеткен. Бар-жоғы 45 минут ішінде су деңгейі 26 футқа көтерілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл