Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тимур Құлыбаев
Жаңалықтар

Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҰКП басшысы қызметінен кетті

17.01.2022
1 мин
0
737

Қазақстанда танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығынан кететінін мәлімдеді. Оның үндеуі палатаның сайтында жарияланды.

"Бүгіннен бастап мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым. Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды", -деді Құлыбаев үндеуінде.

Ол "Атамекен" ұжымына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін айрықша ризашылығын білдірді.

Тимур Құлыбаев – қазақстандық бизнесмен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның күйеуі. Ерлі-зайыпты үш бала тәрбиелеп отыр.

Айта кетері, Құлыбаев Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетін де басқарады.

Бұған дейін Қайрат Шәріпбаев "QazaqGaz" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы, ал Димаш Досанов "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры қызметінен босатылғаны хабарланды.

58 жастағы Қайрат Шәріпбаевтың аты Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның есімімен жиі қатар аталады. Ал Димаш Досанов Назарбаевтың кенже қызы – Әлияның күйеуі.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл