Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Тістің ізі қалып, миы шайқалған": Ақтаудағы балақбақшада бүлдіршінді қатарластары ұрып тастады

11.08.2025
1 мин
0
126

Ақтауда балабақшада бүлдіршінді басқа балалар соққыға жыққан: анасы қызметкерлердің әрекетсіздігіне наразы, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақтауда жекеменшік балабақшада түскі уақытта кішкентай қызды өзге балалар соққыға жыққан. Баланың анасы балабақша қызметкерлерінің бүлдіршінді қараусыз қалдырғанына шағымдануда. 

Анасының айтуынша, ол таңертең қызын балабақшаға апарған, ал кешке баланы әжесі алып кетуге барған. Сол кезде әжесі немересінің денесіндегі жарақаттар мен көгерген іздерді байқап, дереу ата-анасына хабар берген. Ата-анасы жедел жәрдем мен полицияны шақыртып, балабақшаға келген. Олар бірден бейнебақылау жазбаларын көрсетуді талап еткен.

- Камерадан қызымның өзге балалар тарапынан зорлық көріп жатқанын көрдім. Әуелі тәрбиеші оларды тыныштандырып шығып кеткен. Кейін балалар өз беттерінше қалған кезде, қызымды ұрып, тістеп, қолын бұраған, – дейді бүлдіршіннің анасы Камила Кабиева.

Оның сөзінше, оқиға шамамен 40 минутқа созылған. Сол уақыт ішінде ешбір қызметкер көрінбеген. Қыз бала айқайлап, көмек сұрағанымен, оған ешкім көмектеспеген.

- Қызымның денесінде жаралар, көгерген іздер, тістеген белгілер бар. Басынан да соққы алған. Дәрігерлер бұл ауыр салдарға әкелуі мүмкін деп отыр. Қазір томография нәтижесін күтіп отырмыз. “Ми шайқалуы” диагнозы қойылды. Балаларды қараусыз қалдырған. Егер тек 5 минут қараусыз қалдырғанда, мұны түсінуге болар еді. Бірақ 40 минут бойы ешқандай ересек адам болмаған, – деп мәлімдеді Камила Кабиева.

Оқиғаға байланысты полиция түсініктеме берді.

- Аталған дерек бойынша жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға қатысты Қылмыстық кодекстің “Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау” бабымен іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деді полиция өкілдері.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл