Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Топ-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері
Жаңалықтар

Топ-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері

12.05.2023
5 мин
0
981

2022 жылы ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 580 мыңнан асқан. Ал ұлттық спорт түрлері бойынша үйірмелердің саны 16 555-ке жетті, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 ОРЫН. БӘЙГЕ

Бәйге - халық арасында ең көп тараған ат спорты. Шабандоздардың ат жарысы қалың көрермені бар, естен кетпес ерекше әсер сыйлайтын ұлттық спорт түрі. Бүгінде елімізде шабандоздарды дайындайтын 753 үйірме жұмыс істейді. Онда 21 мыңға жуық бала ұлттық спорттың қыр-сырын меңгереді.    

4 ОРЫН. АСЫҚ АТУ

Асық ату — ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойыны. Ол балаларды ептілікке, жылдамдыққа, мергендікке үйретеді. Қазақстанда 2237 асық ойны үйірмесі бар. Онда 77 мыңнан астам адам ұлттық спортпен шұғылданады. 

3 ОРЫН. КӨКПАР

Көрермені бойынша да, қатысушылар саны жағынан да көкпар көш басындағы ұлттық спорт түрінің бірі. Елімізде 78 мыңнан астам адам көкпар спортымен айналысады. Оларды жаттықтырып, шеберліктерін шыңдайтын 916 үйірме бар.  

2 ОРЫН. ҚАЗАҚША КҮРЕС

Халық арасында қашанда спорттың жекпе-жек түрлері өте танымал. Соның ішінде қазақша күрес қатысушылар саны мен жанкүйерлері бойынша алдыңғы қатарда. Бүгінде еліміз бойынша 4427 қазақша күрес үйірмесі жұмыс істейді. Онда 159 мыңға жуық адам ұлттық спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. 

1 ОРЫН. ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Елімізде ұлттық спорт түрлерінің ішіндегі ең танымалы – тоғызқұмалақ. 

Адамның ойлау қабілетін дамытып, тапқырлыққа тәрбиелейтін зияткерлік ойын жас ерекшелігіне қарамастан жалпыға қолжетімді. Қазақстанда 6856 тоғызқұмалақ ойны үйірмесі бар. Оған 207 мыңға жуық адам тұрақты түрде қатысады.

фото: ummet.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
296
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл