Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады
Жаңалықтар

Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады

30.04.2025
1 мин
0
357
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жуырда А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы еліміздің медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салатын аса күрделі операцияны сәтті өткізді.

Президент белгілі хирург, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жасалған бұл операцияны отандық медицинаның зор жетістігі ретінде бағалап, орталық ұжымына Алғыс хат жолдады.

– Мемлекет денсаулық сақтау саласын дамытуға баса мән береді. Бұл ретте көптеген іргелі бастама қолға алынып, ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Соның нәтижесінде ұлттық медицина қарқынды дамып келеді. Сіздер жасаған бірегей операция – соның айқын дәлелі. Қазір еліміз өте күрделі трансплантациялық операция жасайтын әлемдегі алты мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл жетістікке отандық мамандардың, соның ішінде өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңіз бен ерекше білімдеріңіздің, сондай-ақ теңдессіз тәжірибелеріңіздің арқасында жетіп отырмыз. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақта да ұлт саулығын жақсарту үшін тынымсыз тер төгіп, халқымызға қалтқысыз қызмет ете бересіздер деп сенемін, – делінген Алғыс хатта.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл