491.68
568.23
6.2
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев: Аймақтық бюджетті тиімді пайдалану – жергілікті басқарудың басты міндеті
Жаңалықтар

Тоқаев: Аймақтық бюджетті тиімді пайдалану – жергілікті басқарудың басты міндеті

12.03.2026
мин
0
84
Сурет: Ақорда

Президент бүгінгі форумда Қазақстандағы аймақтық басқару мен бюджеттің тиімді пайдаланылуы мәселесіне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы ауылдық округтердің бюджетін арттыру және жергілікті биліктің қаржылық дербестігін күшейту бағытындағы шараларды атап өттіғ - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысы ауылдық округтердің жалпы бюджеті 442 миллиард теңгеден асқанын, оның үштен бір бөлігі елді мекендердің өз табысынан екенін атап өтті. Орташа ауылдық округ бюджеті 190 миллион теңгеге жеткен, бұл – едәуір жақсы көрсеткіш. Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көздеріне ие болады: пайдалы қазбаларды өндіру, жерасты сулары мен емдік балшықтарды пайдалану үшін алынатын салықты өздері жинайды және қажетті мақсатқа жұмсайды. Сонымен қатар, Үкімет қазір мүлік салығының бір бөлігін жергілікті деңгейге беру мәселесін пысықтап жатыр.

Президент бюджетті жоспарлау мен орындаудың сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Қазіргі кезде бюджет жобасы көбіне мәслихатқа соңғы сәтте жолданады, бұл депутаттарға оны шұғыл қарауға мәжбүрлейді және қаражат кейде тиімсіз жобаларға жұмсалуы мүмкін. Тоқаевтың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін мәслихат бюджеттің басынан қатысуы қажет, бірақ талқылау тек халық мүддесі мен мемлекеттік мүддеге негізделуі керек, лоббизм мен популизмге жол берілмеуі тиіс.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының рөлін күшейтуді ұсынды. Әкімдіктегі бюджеттік комиссияға білімді және беделді депутаттарды қосу қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді. Барлық аймақтың мәслихаттары мен әкімдіктері бір команда ретінде жұмыс істеп, бюджеттің әр теңгесі ел игілігіне жұмсалуын қадағалауы керек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл