Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
One Water Summit аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Банга мырзамен кездесті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Дүниежүзілік банкпен стратегиялық серіктестігінің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта су ресурстары, көлік және білім беру салаларында жалпы құны 3,5 миллиард долларды құрайтын бес ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.
Президент сондай-ақ Дүниежүзілік банк тарапынан Қазақстанның көліктің тұрақтылығы мен байланысын арттыру бағдарламасы (TRACE) аясында 650 миллион доллар көлеміндегі жобаны қаржыландыруын құптады. Осыған байланысты Жезқазған – Қарағанды автожолын жөндеуге арналған инвестициялардың Орта дәлізді дамыту үшін стратегиялық рөл атқаратыны атап өтілді.
Аджай Банга Дүниежүзілік банк пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады. Әсіресе, экономиканың әртүрлі салаларында ірі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірілді.
Ортақ жұмыстың ұзақ мерзімді перспективаларын айқындау және диалогты жандандыру мақсатында Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік банк басшысын Қазақстанға сапармен келуге шақырды.