Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Осындай жоғары стандарт болуы керек": Тоқаев онлайн соттардың әсері жайлы айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ulysmedia-ға сілтеме жасап.
Елордамызда Қазақстан соттарының съезі өтіп жатыр. Бұл съезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, онлайн соттар туралы ойын айтты.
Биыл сот отырыстары алғаш рет онлайн көрсетіле бастады. Осындай тәжірибе екі сот процесінде өтті. Сот істері миллондаған адамға тікелей эфирде көрсетілді. Мұндай қадам сот жүйесіне сенімін нығайта түсті деуге болады. Бұл әрине, бұрын соңды болмаған. Сондықтан, судьялар мен айыптаушыларға қойылатын талап күшейді. Сотқа қатысты тараптар өз ойларын ашық сот алаңында еркін жеткізе алады. Барлық сот отырысында осындай жоғары стандарт болуы керек, – деді президент.
Еске сала кетсек, биыл азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың, автобус жүргізушісін ұрған Дархан Ахметжановтың соты онлайн режимде көрсетілген еді.