Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев жаңа жәрдемақы туралы заңға қол қойды
Жаңалықтар

Тоқаев жаңа жәрдемақы туралы заңға қол қойды

13.10.2021
1 мин
1
2772

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Заңға сәйкес, Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізіледі, ал оны I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтар алады.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов бүгінде бірінші топтағы 66 мың мүгедектің үштен біріне не күтім бойынша жәрдемақы, не жеке көмекшінің қызметі берілмейтінін айтқан болатын.

Олардың арасында комаға түскен науқастар, төсек тартып жатқан мүгедектер бар. Басқа адамның күтімін тұрақты қажет ететін 24 мың адам күтім жасау жәрдемақысымен қамтылады.

Заң сонымен қатар мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтайды.

Жаңа заңда қарастырылған өзгерістер туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айжан 13.10.2021
3 топ мугедекке не бермеиди 41 жетпеи отыр тамак кымбатап барады даригеде акщамыз жетпеи турганша
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл