Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" ресми атауы "Отбасы банк" болып өзгерді, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі
"2020 жылдың 20 желтоқсанында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді", - делінген ресми хабарламада.
Осы күннен бастап банктің толық атауы - "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы, қысқа нұсқасы - "Отбасы банк" АҚ.
Қаржы ұйымының атауы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырдағы тапсырмасына сәйкес ауысты.
Банктің жалғыз акционері мемлекеттік акциялар пакетіне 100% иелік ету және пайдалану құқығы бар "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып қала береді. Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгереді.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" бүгіннен бастап "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк болып қала береді және мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы қызметін өзгертпейді", - деп хабарлады банк.
Сонымен қатар 2021 жылы "Отбасы банкі" тұрғын үйді есепке алуды, бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады деп жоспарланып отыр.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін қолданыстағы кезек жүйесін әкімдіктерден "Отбасы банкіне" беру және тұрғын үйге мұқтаж барлық азамат үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін "тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын" құру жоспарлануда.
Бұл жағдайда азаматтар тұрғын үйге мұқтаж екенін растау, кезекке тұру, содан кейін несие алу үшін бірнеше инстанцияға жүгінбейді.
Тағы көру