Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тұрғын үйлердің кіреберісінде қауіпті QR коды бар хабарландырулар ілініп жатқаны рас па?
Жаңалықтар

Тұрғын үйлердің кіреберісінде қауіпті QR коды бар хабарландырулар ілініп жатқаны рас па?

24.01.2025
1 мин
0
451
Сурет: iphones.ru

Қазақстандықтар WhatsApp арқылы алаяқтықтың жаңа түрі туралы талқылап жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz  stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тұрғын үйлердің кіреберісіне QR коды бар хабарландырулар ілініп, сол арқылы үйдің ортақ чатына қосылу ұсынылатыны туралы ақпарат тарады. Белгісіз дереккөздер QR кодты сканерлеген кезде тұрғындардың банк карталарынан ақша шешіліп алынады деп мәлімдеген.

Бұл хабарлама қазақстандық әлеуметтік желілерде кеңінен тараған. Атап айтқанда, Екібастұз қаласындағы жергілікті парақшалардың бірінде осы туралы жазылған.

Екібастұз қаласының полиция басқармасы бұл жазбаға ресми жауап берді:

- Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Полицияға мұндай хабарландыруларға қатысты ешқандай шағым түскен жоқ. Мұндай дерек көрші елдерде тіркелген, - делінген хабарламада.

Қазақстандық полицейлер сілтеме берген БАҚ алаяқтық схема туралы егжей-тегжейлі ақпарат берген.

Қазақстанда бұл ақпарат жалған болып шыққанымен, мамандар QR кодтарды сканерлеу кезінде сақ болуды және сілтемелердің қауіпсіздігін тексеруді ұсынады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл