Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістан облысында 46 миллион теңгеге отырғызылған бақ қурап жатыр
Жаңалықтар

Түркістан облысында 46 миллион теңгеге отырғызылған бақ қурап жатыр

19.07.2021
1 мин
5
806

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жас бақ пен шекара аймағында отырғызылған жүздеген көшет құрып жатыр. Көгалдандыру жобасы 2015 жылы жасалып, оған 46 миллион теңге жұмсалды. Бірақ екі жыл бойы ағаштарға күтім жасау мүлдем тоқтатылып, олар қурап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны Арнаш Анарбаев күннің ыстығына қарамастан, қурап жатқан ағаштарды құтқаруға тырысуда. Оларды 2015 жылы биліктің тапсырмасы бойынша Сарыағаш ауданының шекаралас жеріне отырғызған, оған 46 миллион теңге жұмсалды. Мұнда жеміс ағаштары, жапырақты және қылқан жапырақты ағаштары бар.

Бастапқыда көшеттерге күтім жасалған, ал жергілікті тұрғындар жақында осы бақта серуендейміз деп үміттенген. Алайда екі жыл бойы бұл жоба аяқсыз қалған.

“Жыл сайын газ жөндеу жұмыстары үшін өшіріледі. Газды өшіргелі бері адамдар ағашты отынға пайдалануда. Ондаған миллион теңге жұмсалды: қоршаумен, құбырмен, бетонмен қоршалды, қанша адам жұмыс істеді. Бәрі далаға кетті. Алша ағашы ыстық климатқа қарамастан өсіп, жеміс бере алатын қарапайым өсімдік. Бір ағашқа жылына екі шелек су жеткілікті. Енді жас ағаштардан тек құрғаған таяқтар қалды”, – дейді ол.

“2015 жылы отырғызғанда бәрі жақсы өсті. Міне, соңғы екі жылда жиналып отырмыз, әкімдікте айтып, қоңырау шаламыз. Ешкім назар аудармайды. Аудан әкімі ауысты, ал жаңа аппарат қанша көшет отырғызылғаны және қандай алаңда отырғызылғаны туралы толық ақпарат беруге дайын емес”, – дейді Арнаш Анарбаев.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының ТКШ бөлімінің бас маманы Даубек Керімбаев бұл мәселеге жергілікті әкімдер жауап беретінін айтты.

“Біз ақша бөлдік, олар көшеттерге қарау керек еді. Әрі қарай бұл аудан заңгерлерінің жұмысы. Олар қазір дұрыс шешім қабылдауға және кінәлілерді қалай табуға болатынын заңды түрде қарастыруда. Бірақ ағаштар оған дейін өліп қалуы мүмкін”, – дейді ол.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
К
Казна 19.07.2021
Нокат
Жауап беру
К
Казна 19.07.2021
Осынша акшаны желге ушыруга боладыма,Талды екен екен оган белгылы жумыс кушын тартып карауылдан бастап, су куйып баптайтын жумыс кушыне жалакы толенып отырса бундай шыгын болмайды.Су журетын карык жарып,агаш(баг) арасына кауын, карбыз,коконыс егуге урыксат берылгенде адамдар басында болушы еды.Туркыстан жеры кйелы топырак жанат жер гой .Дым болмаса жаалакы толеп 4 -5 озбек агайындарды койсандар жаннатын багын жасайды. Буларын жарамайды енды.
Жауап беру
Т
Толкын 19.07.2021
Алла жар болсын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл